Қазақстандық жастар арасында шетелдік емес, отандық контентке сұраныс артқан
Қазақстандық жастар арасында шетелдік емес, отандық контентке сұраныс артқан. Бұл туралы «QazaqSham» форумында Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты.
Жиынға депутаттар, мәдениет, өнер және медиа саласының өкілдері қатысты. «Креативті сектор – ұлттың мәдениеті мен құндылықтарын дәріптеудің заманауи тәсілі» - деді Жоғары палата спикері. Қазіргі сын-қатерлер кезінде ұлттық ерекшелікті сақтап, дамыту мен қазақ тілді контент жасаумен айналысатын жас таланттарды қолдаудың маңызы айтылды. Олардың өнімдері мен қызметтерін экспорттауға жәрдем беру мәселесі де көтерілді.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
Осындай сіздердің жұмыстарыңызды қолдау үшін біз енді өз тарапымыздан да депутаттар нақты шаралар жүзеге асырып жатырмыз. Соның негізгісі – біз тиісті заңнамалық нормаларды жақында қабылдадық. Сол нормаларға сәйкес, жаңа креативті индустрияны қолдауға арналған мемлекеттік қор құрылып жатыр.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бразилия 1/8 финалға жолдама алды
30.06.2026, 20:26
Жаңа Конституция ел дамуына тың серпін береді
30.06.2026, 20:24
Dalida Cinema кинотеатры ашылды
30.06.2026, 20:18
Ветеринария саласын дамытуға 88 млрд теңге бөлінеді
30.06.2026, 20:17
Ақсай теміржол вокзалы жөнделіп, ел игілігіне берілді
30.06.2026, 20:16
Жезқазғанның даму жоспары қаралды
30.06.2026, 20:14
Орталық Азиядағы ең ірі жел электр станциясының құрылысы басталды
30.06.2026, 20:12
Пластикалық хирургия клиникаларын бақылау күшейтіледі
30.06.2026, 20:10