Семейде хакім Абайдың жары Әйгерімнің қобдишасы табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде хакім Абайдың жары Әйгерімнің қобдишасы табылды

02.08.2017

Бірегей жәдігерді ақын музейіне шаһар тұрғыны тапсырған. Мәдени мекеме өкілдерінің айтуынша, қобдишаны Ырғызбай ауылына келін болып түскен Бәтет Әзімханқызына Әйгерім сыйға тартқан көрінеді. Уақыт өте қария жәдігерді сіңлісі Ақылия әжеге беріп кеткен. Ғасырдан астам тарихы бар кішкене қобдиша бүгінге дейін ұлы, Семейдің тұрғыны Айдар Кенжетілеуұлының үйінде сақталып келген. Бағалы тастармен әшекейленген бұйымды музей қызметкерлері қалыпқа келтірмек ниетте. Одан кейін бірегей жәдігер көпшілік назарына ұсынылмақ.

 

Дарын САҒИТОВ

Хабарламаларға жазылу