Ақтөбе облысында балық аулауға кеткен екі адам суға батып кетті
Ақтөбе облысында балық аулаймыз деп кеткен екі адам көлікпен суға батып кетті.
53 және 21 жастағы азаматтар бір мекемеде жұмыс істеген. Олар 14- желтоқсан күні «Нива» көлігімен Темір ауданына балық аулаймыз деп кеткен. Туыстары олардан хабар ала алмаған, сондықтан полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгінді. Сүңгуірлер марқұмдардың денесін Кенжалы өзенінен алып шықты.
Ерболат Сарқұлов, Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі:
«Алдын-ала мәліметтер бойынша «Нива» автокөлігі жоғары жылдамдықпен келе жатып, көпірден өзенге құлап кеткен. Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды».
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17
Соңғы 7 жылда 36 мың шақырымнан аса жол салынған
21.10.2026, 20:16
Кеншілер әулетіндегі жас маман атакәсіпті жалғастырды
21.10.2026, 20:15
Жолаушылар пойызы интернетпен қамтылды
21.10.2026, 20:13
Қызылордада инвестициялық жобалардың құрылысы басталды
21.10.2026, 20:11
Қытайда робот өндірісінде 6G технология қолданылды
21.10.2026, 20:08