Балаларды қараусыз қалдыру: заңсыздық па, амалсыздық па? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балаларды қараусыз қалдыру: заңсыздық па, амалсыздық па?

15.12.2024

Балаларды үйде жалғыз қалдырмау. Дәлірегі – балаларды «қамап» кетпеу. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева 12 жасқа толмаған балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыруға тыйым салатын заң қабылдауды ұсынып отыр.

Басты аргумент – биыл жыл басынан бері балалардың өмірі қиылған 15 өрт болған.

«12 жасқа толмаған балаларды кәмелетке толған адамдардың қарауынсыз қалдыруға тыйым салу жөніндегі заңнамалық шараларды пысықтау қажет деп санаймын. Әрине, қолдауға мұқтаж отбасылар мемлекет көздеген көмек бағдарламаларымен қамтамасыз етілуі қажет», - деп жазды, әлеуметтік желідегі парағында.

Рас, әсіресе жер үйде тұратын отбасылардың шаңырағында қыстыгүні жантүршігерлік оқиға болып қалады. Өрт көбіне балалар үйде жалғыз қалғанда шығады. Жақында желтоқсанның басында Ақмола облысы Шұбарағаш ауылындағы өрт кезінде 7 және 3 жастағы балалар опат болған...

Ал қолданыстағы заң талабы қандай? «Баланы қараусыз қалдырмау» дегенге өз үйінде де сыртынан құлыптап кету жатпайтын ба еді? Бірақ тіршіліктегі ахуалды да білеміз – қалдыра береді. Қалдыра береміз.

Бала қалдыратын жері жоқ ата-аналар не істеуі керек? Амал жоқтықтан «тәуекел» деп тастап кету мен бармақ шайнап қалатын өкініштің арасын Раушан Сайлауқызын сараптайды.


Хабарламаларға жазылу