Президент «Өндіруші салалардың ашықтығы бастамасы» ұйымының Басқарма төрағасын қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент «Өндіруші салалардың ашықтығы бастамасы» ұйымының Басқарма төрағасын қабылдады

11.12.2024

Мемлекет басшысы «Өндіруші салалардың ашықтығы бастамасы» ұйымының басқарма төрағасы Хелен Кларкты қабылдады.

Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан 2007 жылы аталған ұйымға мүше болғаннан бері оның стандарттарын сақтауға бейілдігін көрсетіп келе жатқанын атап өтті. Президент Ұйым басшысына геологиялық барлау мен кен өндіру саласында қабылданған реттеу шаралары туралы ақпарат берді. Мәселен, саланы дамытудың кешенді жоспары қабылданып, Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы іске қосылды. Барлау және өндіру жұмыстарына лицензия алу тәртібі жеңілдетілді.

Хелен Кларк Қазақстанның жер қойнауын пайдалануға қатысты заңнамалық актілерін жетілдіру жұмыстарын жоғары бағалады. Бұл кен өндіру өнеркәсібінің ашықтығын қамтамасыз ету талаптарын орындауға мүмкіндік береді. 

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу