Павлодарлық жастар «Таза Қазақстан» акциясын жыл бойы жалғастырады
Павлодарлық белсенді жастар «Таза Қазақстан» акциясын жыл бойы жалғастыра бермек. Енді олар бұл шараға мектептердегі «Жас ұлан» ұйымын жұмылдырады. Осы мақсатпен олар бүгін оқушылар сарайында мектеп оқушыларын жинады. Қоршаған ортаны сақтап, экологиялық мәдениетті қалыптастыруды түсіндірді.
Жаз бойы қаланы күл қоқыстан тазартуға көмектескен балалар экологиялық жаңа бастамалар туралы ақпаратқа қанықты. Қазіргі уақытта тазалық қажет екенін екінің бірі бледі. Бірақ әдеп жоқ. Осыны қалыптастыруға баса мән берген жөн дейді белсенділер. Бұндай кездесулер енді әр апта сайын белгілі бір тақырып аясында өтіп отырады.
Әмина Хамитова, оқушы:
Осы акциядан біз көптеген маңызды ақпараттар алдық және қоршаған ортаны сақтауға барынша қол ұшын созуға тырысамыз деген ойдамын. Болашақта осы «Жасыл елмен» бірге мектебімізде көптеген акциялар және қоршаған ортаға пайдалы істер жасаймыз деген үміттемін.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05
ЕуроОдақ балаларды әлеуметтік желіден қорғамақ
18.09.2026, 20:04
Алматыда қала күні қарсаңында мың отбасы баспаналы болды
18.09.2026, 20:04
Елде ЖРВИ жұқтыру 1,8 есе азайды
18.09.2026, 20:03