Алматыда Франция университетінің филиалы ашылды
Алматыда Франциядағы жетекші оқу орындарының бірі – Лотарингия университетінің филиалы ашылды. Шетелдік білім ордасы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті базасында орналасады. Маңызды бастама 7 жылдан бергі ынтымақтастық нәтижесінде жүзеге асырылып отыр. Осы ретте биыл 95 оқу гранты бөлінді. Сондай-ақ жыл сайын Франциядан 30-ға жуық профессор келіп, студенттерге дәріс оқиды. Оқу бағдарламасы озық еуропалық білім беру стандарттары мен әдістемелері бойынша жүзеге асырылады дейді университет ректоры. Лотарингия университеті Францияның 13 қаласында орналасқан. Еуропаның жетекші әрі беделді оқу орындарының бірі.
Сильван Гиоге, Францияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі:
Біздің мақсатымыз – халықаралық қатынастар, халықаралық құқық, мемлекеттік басқару ісі секілді мамандақтарға басымдық беру. Француз тілі мұғалімдерін көптеп дайындау да жоспарда бар. Сондай-ақ келешекте француз студенттерін Қазақстанға шақыртып, тіл мен мәдениетін кеңінен таныстырып, екі елдің арасында берік ынтымақтасуды көздейміз.
Айдана Қуантхан
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17