Астанаға беларусь дәрігерлері тәжірибе алмасуға келді
Астанаға Беларусьтен бір топ дәрігер келіп, адам папиллома вирусына қарсы вакцина салу барысымен танысты. Делегация өкілдерінің айтуынша, елдерінде екпе салу науқаны келер жылы басталады. Сондықтан алдын ала қазақстандық медицина қызметкерлерімен тәжірибе алмасуды мақсат тұтқан. Олар елордадан бөлек Ақмола облысындағы мектептер мен емханаларға бармақ. Бұған дейін дәл осындай мақсатпен Тәжікстанның медицина өкілдері Шымкентке келді. Денсаулық сақтау министрлігі өкілдерінің мәліметінше, 3 желтоқсанға дейін вакцинаны 83 мыңнан астам қыз бала салдырған.
Вероника Высоцкая, БР Денсаулық сақтау, гигиена және эпидемиология бөлімі меңгерушісі:
Денсаулық сақтау министрлігі бізді өз тәжірибесімен бөлісуге шақырғанына алғыс айтамын. Беларусь Республикасы да адам папиллома вирусына қарсы вакцинаны профилактикалық егулердің ұлттық күнтізбесіне енгізеді. Біз де екпе салуды 11 жастағы қыздардан бастауды жоспарлап отырмыз. Сол үшін қазақстандық медицина мамандарының тәжірибесі біз үшін аса маңызды.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бразилия 1/8 финалға жолдама алды
30.06.2026, 20:26
Dalida Cinema кинотеатры ашылды
30.06.2026, 20:18
Ақсай теміржол вокзалы жөнделіп, ел игілігіне берілді
30.06.2026, 20:16
Жезқазғанның даму жоспары қаралды
30.06.2026, 20:14
Орталық Азиядағы ең ірі жел электр станциясының құрылысы басталды
30.06.2026, 20:12
Пластикалық хирургия клиникаларын бақылау күшейтіледі
30.06.2026, 20:10
Әзербайжан мектептерінде телефон ұстауға тыйым салынды
30.06.2026, 20:08
Ерлан Қарин ҚР Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды
30.06.2026, 20:06