«Наурыз» ипотекалық бағдарламасының шарттары өзгереді
Жаңа жылдан бастап «Наурыз» ипотекалық бағдарламасының шарттары өзгереді. Енді конкурсқа қатысу үшін «Отбасы банкіндегі» шотта кемі 2 миллион теңге болуы керек. Қазір бұл сома 1 миллион теңге деп белгіленген. Бұл туралы үкімет отырысында банк басшысы Ләззат Ибрагимова айтты. Оның сөзінше, бұл өзгеріс жұмысты жеделдету үшін жасалып жатыр. Себебі байқаудан өткен тұрғындар пәтер құнының 20 пайызын құю керек. Ал қазір 2,5 мың өтініштің 61 пайызы қажетті жарнаны ұсына алмай отыр. 2025 жылы бұл бағдарламаға 300 млрд теңге бөлінбек. Оған әлеуметтік осал топ мүшелері мен үй кезегіндегі азаматтар қатыса алады. Ал дайын пәтерлерді сатып алуға керісінше жеңілдік жасалмақ.
Ләззат Ибрагимова, «Отбасы банк» АҚ Басқарма төрайымы:
Талдау барысында екі мәселе анықталды. Біріншіден, көптеген сатып алушылар пәтердің дайын болғанын қалайды. Себебі жөндеу шығындары көп. Осыған байланысты банк тұрғын үй-құрылыс компаниялары қауымдастығымен бірнеше кездесу өткізді. Енді таза әрлеудегі пәтерлер бойынша бастапқы жарна 20%-дан 10%-ға дейін төмендейді. Бұл – ынталандыру шарасы.
Шерхан Жамбылұлы
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Astana AI Film Festival байқауының жеңімпаздары анықталды
03.10.2026, 22:59
Жүлде қоры 100 мың доллар: Astana Hub Battle 2026 жеңімпаздары белгілі болды
03.10.2026, 22:49
Дінаралық диалог өзегі – гуманитарлық ынтымақтастық
03.10.2026, 19:48
Digital Bridge: Дәрігердің көмегіне онлайн жүгінуге болады
03.10.2026, 19:19
Almaty Superski жобасы аясында 2 мың шырша отырғызылды
03.10.2026, 19:09
Соңғы 7 жылда Қазақстанның ЖІӨ-і 29 пайызға артты
03.10.2026, 19:02
Меруерт Өтекешованың 75 жылдығына арналған халықаралық театр фестивалі басталды
03.10.2026, 19:00
Digital Bridge: Астана технологиялық хабқа айналды
03.10.2026, 18:47