Еурокомиссия МЕРКОСУР елдерімен еркін сауда келісімін бекітті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еурокомиссия МЕРКОСУР елдерімен еркін сауда келісімін бекітті

09.12.2024

Еуропалық комиссия Оңтүстік Американың төрт мемлекеті кіретін Mercosur еркін сауда туралы келісімге қол қойды. Бразилия, Аргентина, Уругвай, Парагваймен еркін сауда жасау туралы келіссөз 25 жыл бұрын басталған. Құжат күшіне енуі үшін келісімді ЕуроОдақ елдері мен Еуропарламент ратификациялауы тиіс.

Дегенмен, Франция, Италия, Польша, Нидерланд, Австрия келісімге қарсы. Франция Президенті Макрон «Бұл келісім-Еуропа фермерлерін құрдымға апарады десе, Германия үкіметі, керісінше, бұл қадам-Еуропаны Қытай тауарларына тәуелділіктен арылтады» деп отыр. Келісім күшіне енсе жаһандық экономиканың 20 пайызын және әлемдік тауар экспортының 31 пайызын қамтиды деп күтілуде.

Урсула Фон Дер Ляйен, Еуропалық комиссияның төрағасы:

Бүгінде МЕРКОСУР елдеріне 60 мың еуропалық компания өз өнімін экспорттап отыр. Оның 30 мыңы шағын және орта кәсіпорындар. Осы келісімнің арқасында олар 4 млрд еуро экспорттық баж салығынан босатылады. Бұл келісім жаңа жұмыс орындарын, жаңа мүмкіндіктер ашады.

Луис Лакалье Поу, Уругвай президенті:

Бізге әлем елдерінің ашық болғаны маңызды. Екі жаққа да тиімді сауда үшін ЕуроОдақ пен Меркосурға мүше мемлекеттер келісімнің күшіне енуін жеделдетуі қажет.

Нұрсұлу Қасым

Хабарламаларға жазылу