Қасым- Жомарт Тоқаев Доха форумына шақырғаны үшін шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниге алғыс айтып, аталған жиын әлемдегі өзекті проблемалар бойынша ашық пікір алмасуға мүмкіндік беретін бірегей диалог алаңы екенін айтты.
Кездесу барысында банк, телекоммуникация, энергетика, ауыл шаруашылығы және медицина салаларындағы инвестициялық жобаларға қатысты келісімдерді уақытылы әрі сапалы жүзеге асыру мәселесі талқыланды.
Қатар Әмірі Астана мен Доха арасындағы ынтымақтастық ұзақ мерзімді стратегиялық сипат алғанына, сондай-ақ екіжақты сапар барысында қабылданған шешімдерді іске асыру бойынша Үкіметтер жүйелі жұмыс атқарып жатқанына тоқталды.
Президенттер жоғары деңгейдегі белсенді саяси диалог қазақ-қатар қатынастарын нығайтуға алдағы уақытта да ықпал ететініне сенім білдірді.