Қазақстандықтар зейнетақы жинағынан қанша теңге шешіп ала алады?
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры шекті мөлшерді жариялады. Оған сәйкес, қажетті сома көлемі өзгеріссіз қалған.
Яғни азаматтардың жасына қарай жинақта 3 млн-нан 10 млн теңгеге дейін ақша болуы тиіс. Мәселен, 20 жастағы азаматтар үшін жеткілікті шек 3 млн 260 мың теңге, ал 30 жастағылар үшін 4 млн 580 мың теңге, 40 жастағы азаматтарға 6 млн 100 мың теңге болмақ. Шешіп алған қаражатты тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе емделуге жұмсай алады. Тіпті сенімгерлік басқаруға аударуға мүмкіндік бар. Зейнетақы қоры жеткілікті шектің сол күйі қалуын ең төменгі жалақының өзгеріссіз қалуымен байланыстырды. Сондай-ақ бұған зейнетақы жинағы кірісіне жасалған болжам да әсер еткен.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ХХ Жазғы Азия ойындарының алғашқы күнінде Қазақстан қоржынына 4 алтын, 2 қола медаль түсті
20.09.2026, 20:15
Президент Үкіметке әлеуметтік қолдау мен жол сапасына қатысты тапсырма берді
20.09.2026, 20:11
Фастфуд жарнамасын шектеу семіздікті азайта ма?
20.09.2026, 20:06
«Орталық Азия+» форматының мәні неде?
20.09.2026, 20:06
19 млрд доллар: Қазақстан мен Корея қандай келісімдерге қол қойды?
20.09.2026, 20:01
Ілеспе газды майнингке жұмсау қаншалықты тиімді?
20.09.2026, 18:16
Ұлдана Мырзуан ісі: Сапасыз тұрғын үйлерге кім жауапты?
20.09.2026, 18:13
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27