Мемлекет басшысы Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесіп, бауырлас елдің басшысын туған күнімен құттықтады. Ағайынды қырғыз халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне толайым табыс тіледі. Қасым-Жомарт Тоқев Қырғызстан Президентінің екі ел арасындағы стратегиялық ынтымақтастық пен одақтастық байланыстарды нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалайтынын жеткізді. Қос президент достық пен тату көршілік рухында өрбіп келе жатқан мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайтуға ерекше назар аударды.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы Финляндия Президенті Александр Стуббқа құттықтау жеделхатын жолдады. Барша фин халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев Финляндияның тұрақты әрі өркендеген қоғам құру жолында елеулі жетістікке жеткенін атап өтті. Президент екіжақты ынтымақтастықтың даму қарқынын жоғары бағалап, өзара тиімді серіктестігінің одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.
Қаракөз Тұрмағанбет