Сауалнама нәтижесі: Президентке халықтың 80,5 пайызы сенеді
Мемлекет басшысына халықтың 80,5% сенеді. Ал қазақстандықтардың 66,2% биылғы жылды жақсы көңіл-күймен, оптимистік көзқараспен аяқтайды. Жылды қорытындылап, әлеуметтік сауалнама жүргізген Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты осылай дейді.
Сауалнамаға телефон арқылы 1200 және аймақтағы 8000 респондент қатысқан. Онда Қазақстанның саяси даму бағыты, халықтық құндылықтар мен ұлттың біртұтастығы тақырыбында сауал қойылған. Зерттеу нәтижелері бойынша халық биылғы жылды табысты жыл болды деп бағалап, алдағы жылдан көп үміт күтетінін айтқан.
Салтанат Ермаханова, қоғамдық пікірді зерттеу бөлімінің басшысы:
8 мыңды не үшін өткіземіз, ол бізге аймақтардағы жағдайды көруге мүмкіндік береді. Біз сұрыптау көлемін құрған кезде статистика өзі жыл сайын мәлімет жариялайды. Ауыл тұрғындары, қала тұрғындары, әйелдердің үлесі, еркектердің үлесі қанша деген сияқты. Соған сәйкес біз сұрыптау дизайнын құрамыз.
Серік Жұмабек
Автор
Серік Жұмабек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Боксшыларымыз Азия чемпионатын сәтті бастады
01.04.2026, 20:58
Ұлттық банк: Теңге тұрақты валюталардың біріне айналды
01.04.2026, 20:15
Алтын шамамен 19 пайызға арзандаған
01.04.2026, 20:14
1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімі өзгерді
01.04.2026, 20:13
Әлем жаңалықтарына шолу
01.04.2026, 20:13
Тартылған теңіздің 165 мың га алқабына ағаш отырғызылады
01.04.2026, 20:12
Дубайға қатынайтын ұшақтар сәуірдің соңына дейін тоқтатылды
01.04.2026, 20:11
Суды үнемдеуге бөлінетін субсидия 4 есе өсті
01.04.2026, 20:09