Жамбыл облысында қатерлі ісік жасанды интеллект көмегімен анықталмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында қатерлі ісік жасанды интеллект көмегімен анықталмақ

05.12.2024

Жамбыл облысында қатерлі ісік жасанды интеллектінің көмегімен анықталмақ. Келесі жылы Таразда жаңа технология енгізіледі.

Бұл туралы облыс әкімі Ербол Қарашөкеев Астанада өткен баспасөз мәслихатында айтты. Жаңа жүйе науқастарды ерте диагностикалау мен жедел емдеу үшін тиімді. Радиолог маман жетіспейтін шалғай аудан және ауыл тұрғындарының мәселесін шешуге де сеп болады. Сонымен қатар, жүрек-қан тамырлары, созылмалы респираторлық ауру, диабеттен көз жұмғандардың санын төмендету бағытында жұмыс жүріп жатыр. Аймақ басшысы медицина саласына көрсетіліп жатқан қолдауға тоқталды

Ербол Қарашөкеев, Жамбыл облысының әкімі:

Бюджет қаражаты есебінен 5 млрд теңгеге 18 бірлік медициналық диагностикалық, 38 санитарлық машина сатып алынды, бұл ерте диагностиканың, жедел жәрдем жұмысының сапасы мен ауылдық жерлерде медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Тараз қаласы екі әкімшілік ауданға бөлінеді

Ал Тараз қаласы жуырда екі әкімшілік ауданға бөлінеді. Ербол Қарашөкеевтың сөзінше, бұған қатысты Үкімет қаулысы дайын. Жақында мәслихатпен бірлесіп шешім шығарады. Өйткені, заң бойынша халық саны 400 мыңнан асқан қаланы екі ауданға бөлу қажет. Шаһарда қазір 430 мыңнан астам адам тұрады.

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу