Шымкент қаласы аумағындағы тозығы жеткен су қоймалары жөнделетін болды. Өйткені осыдан 50 жыл бұрын салынған Ақжар гидротехникалық нысаны бүгінде ағын суды өз мүмкіндігінен 40 пайыз аз жинайтын деңгейге жеткен. Арнаның табаны саз балшыққа толып, төңірегін қамыс басқан. Салдарынан іргедегі каналдар жиі тартылып кетеді. Осыны ескеріп, нысанды қайта жаңғырту құрылысына 793 миллион теңге бөлінбек. Ұзындығы 660 метр болатын тоған тазартылып, арнасы темір бетонмен бекітіледі. Аумағы қоршалып, жарықтандыру мен дабыл сиренасы орнатылады. Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының өкілдері аймақтағы Текесу қоймасын да зерделеуден өткізгендерін айтты.
Мұрат Әбдірахманов, қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы басшысының орынбасары:
Толық платинаның жағдайын, астындағы су, жанындағы елдімекендерге зияны туралы қорытынды декларацияны су инспекциясына жібердік. Содан өтіп болғаннан кейін ендігі жылы проект жасау қарастырылады.
Ғани Қалмахан