Мәскеуде қазақ киносының күндері өтіп жатыр. Қазақстан павильонында «Азия және Еуропа синтезі» атты қазақстандық фильмдердің көрсетілімі басталды. Бағдарламаға қазақстандық режиссерлердің соңғы жылдардағы ең жарқын туындылары кірді. Яғни, «Қажымұқан», «Операция-набад» сияқты фильмдер көрерменге ұсынылмақ. Ал көрсетілім қазақтың атақты музыкалық тобы «Дос-Мұқасан» туралы фильммен ашылды.
Индира Бегайдар