Францияда парламент сенімсіздік білдіргеннен кейін Барнье үкіметі құлады
Франция Ұлттық ассамблеясы басым дауыспен премьер-министр Мишель Барньеге сенімсіздік вотумын жариялады. Енді үкімет отставкаға кетуі керек. Шешімді қабылдау үшін 289 дауыс қажет болған. Вотумға 331 адам дауыс берді.
Осылайша, 1962 жылдан бері Францияда алғаш рет үкімет сенімсіздік нәтижесінде құлап отыр.
Айта кетсек, Барнье министрлер кабинетін небары 90 күн басқарды. Енді президент Эмануэль Макрон жаңа премьер-министр іздеуі керек.
Барньені парламенттегі әсіре оңшылдар мен солшылдар бюджетті қатаң үнемдеу саясатын жүргізгені үшін биліктен тайдырды. Дегенмен Еуропа одағы бүгінде Франциядан қыруар қарызын азайту үшін шығындарды қысқартуды талап етіп отыр.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Болашақ ойындарында мыңға жуық волонтер қызмет етеді
23.07.2026, 20:45
ШҚО-да республикалық ардагерлер ұйымының кеңесі өтті
23.07.2026, 20:40
Еңбек нарығында оң динамика байқалады
23.07.2026, 20:38
Елімізде жеке ортездер шығаратын алғашқы мемлекеттік өндіріс іске қосылады
23.07.2026, 20:35
4 700-ден астам адам ағза ауыстыруға мұқтаж
23.07.2026, 20:29
Алматыда бесінші қабаттан құлаған 4 жасар бала аман қалды
23.07.2026, 20:23
Ресейде су тасқыны үйлерді шайып кетті
23.07.2026, 20:22
Қостанайда жастар өзен жағасын жинап жарысты
23.07.2026, 20:22