Петропавлда «ЗИКСТО» зауытының 4 700 акционері құнды қағаздарынан айрылып қалды
28 жыл бұрын кәсіпорынды жекешелендіру кезінде зейнетке шыққан жұмысшыларға компанияның акциялары таратылған. Оларға 2017-ші жылға дейін девидент төленіп келген. Алайда жуырда акция иелері құнды қағаздан айрылып қалғанын білген.
Рафаэль Хасанов, зейнеткер:86 акция бар бізде. Жылда мында келіп, көп болмаса да ақша алдық кассадан девидентті. Сөз де болмады «сатам, алам» деген, хабар да болмады.
Бір акция 16 теңгеге бағаланыпты. Кәсіпорын өкілдері бұрынғы иелерінің шотына тиісті сома аударылғанын жеткізді. Зауыт басшылығының әрекетімен келіспеген көпшілік құзырлы органдарға арызданды. Нысан теміржол вагондарын шығарумен айналысады.
Игорь Соловьев, зауыт өкілі:
Сауда заңға сәйкес жүргізілді. Құнды қағаздардың басым бөлігін иеленіп отырған акционерлер осындай шешім қабылдады. Ақпаратты орталық депозитарийде дер кезінде жарияладық. Акцияны арнайы лицензиясы бар тәуелсіз компания бағалады.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия пара ойындарында спортшыларымыз тағы төрт алтын алды
21.10.2026, 13:15
Амандасу әдебі – ұлттық мәдениеттің көрінісі
21.10.2026, 13:13
Жетісу облысының Көксай ауылында жаңа мектеп ашылды
21.10.2026, 13:12
Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді теміржол вокзалы жаңартылды
21.10.2026, 13:10
Астанада кейбір үй балкондарына ту ілді
21.10.2026, 13:08
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
21.10.2026, 13:07
Ресейде демографиялық дағдарыс күшейіп барады
21.10.2026, 13:05
Қазақстан ТүркПА елдеріне арналған Цифрлық кодексті әзірлеуді ұсынды
21.10.2026, 13:04