Ақтөбеде ұлттық мұра ұлықталды
Ақтөбеде ұлттық киімдер мен қолөнер бұйымдарының көрмесі өтіп жатыр. Оған әр аймақтан елуге жуық шебер келген. Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеген шараны әріптесім Жақсыбек Кемал да тамашалады.
Жақсыбек Кемал, тілші:
Көрмеге еліміздің түкпір-түкпірінен белгілі қолөнер шеберлері келген. Олардың арасында ұмыт бола бастаған ұлттық киімдерді қайта жаңғыртып жүргендері де бар. Мәселен, шапанның бұл түрі жадағай деп аталады. Оның ішіне түйе жүні салынады. Яғни, жылдың төрт мезгілінде де киюге болады.
Айжан Сембіғалиева, қолөнер шебері:
Үлгіден қалатын, сәннен қалатын киім емес. Мұра болатын, мирас болатын киім болады. Бұл киімнің әрқайсысында зергерлерге жасатқан 925, 955, 97 пробалы, өте жоғары сападағы күміс фурнитуралар болғандықтан өте бағалы. Бағасы 400 мың, 500 мың, 600 мың, миллионға дейін барады.
Жақсыбек Кемал, тілші:
Көрмеге қойылған әшекей бұйымдар әсіресе, қыз-келіншектердің ерекше қызығушылығын тудырды. Ал мына қысқа қылыш осындағы ең бағалы бұйым саналады. Бұл Қазақстаннан табылған сегізінші «Алтын адамның» қаруы. Яғни оның дәл көшірмесі. Қара темірден жасалған және алтынмен апталған.
Болат Атыраубаев, зергер:
Көбісі компьютер пайдаланады, «3Д» технология, жаңа технология пайдаланады. Біз жасап жатырған коллекцияның ерекшелігі – бұрынғы тәсілмен жасаймыз. Бұрынғы балға, бұрынғы тістеуік, бұрынғы шапқыш. Сонысымен құнды. Тенденция бойынша 90 процент жергілікті халық алып жатыр. Мысалы, 90-ыншы жылдары шетелдіктер, туристер алатын, қазір өзіміздің қазағымыз тапсырыс береді.
Жақсыбек Кемал, тілші:
Ұлттық өнерді насихаттауға арналған бұл фестиваль апта соңына дейін жалғасады. Шара аясында қымбат бағалы қолөнер бұйымдары бәссаудаға салынады. Сондай-ақ қолөнер шеберлері арнайы марапаттарға ие болады.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09
Президент Қазақстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға жеңіс тіледі
05.09.2026, 20:08
Шетелдіктер Бельгияда қазақша үйреніп жүр
05.09.2026, 20:08
Ұлт ұстазының еңбектері Түркияда да зерттеліп жатыр
05.09.2026, 20:08
Курчатовта қуаты 700 МВт болатын электр стансасы салынады
05.09.2026, 20:07
Халықаралық әуе қатынасы 161 бағытқа дейін артты
05.09.2026, 20:06
Қайырымдылық күніне орай мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді
05.09.2026, 20:04