Атырау облысы инвестиция тартудан көш бастап тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысы инвестиция тартудан көш бастап тұр

03.12.2024

Атырау облысы инвестиция тартудан көш бастап тұр. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берген облыс әкімі осылай дейді. Айтуынша, биыл өңірде негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 1,7 трлн теңгені құраған.

Баспасөз брифингінде Серік Шәпкенов әлеуметтік саланы дамытуда атқарылып жатқан жұмыстарға тоқтала келіп агроөнеркәсіп, денсаулық сақтау, білім беру, инфрақұрылым, ауыз су, газбен қамту секілді салалардағы проблемаларға да тоқталды. Мысалы, биыл Атырау облысында 10,3 мың гектар аумаққа себілуі тиіс егін, су тасқыны салдарынан 5,3 мың гектарға ғана егілген.

Бұдан бөлек, өңірде дәрігер жетіспейді. Жас мамандарды тарту үшін 10 млн теңгеге дейінгі бірреттік көмек және 5 пайыздық мөлшерлемемен баспана беру қарастырылған. Ал су тасқынынан кейінгі жағдайды бақылауда ұстау үшін қаңтардан бастап облыстық жедел штаб өз жұмысын қайта бастайтынын, қазіргі жағдайдың тұрақты екенін айтылды.

Серік Шәпкенов, Атырау облысының әкімі:

Сонымен қатар инфрақұрлымға келтірілген залалдар бойынша әлі күнге дейін жұмыс жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күнге 27 шақырым және 6 көпір болатын. 25 шақырымы қалыпқа келтіріліп, 3 көпір жөндеуден өтті. Қалғандарын жыл соңына дейін толығымен аяқтаймыз.

Серік Жұмабек

Хабарламаларға жазылу