Каспий құбыр консорциумы 20 жылдан астам уақыт бойы «Каспий құбыр консорциумы - дарынды балаларға» атты жас таланттар байқауының халықаралық бағдарламасын қаржыландырып келеді. Бұл жолы да фестиваль аясында үш күн бойы өнерпаздарына Ресейдің ең үздік мәдениет қайраткерлері вокал, хореография, классикалық және халық аспаптары бойынша шеберлік сабақтарын өткізді.
Өрімдей өнерпаздардың талантын шындайтын бәсекеге қатысушылардың бірі – Айбар Санбаев. Жас өнерпаз қазақтың дәстүрлі музыкасын саф күйінде дәріптеп, жаңғыртуға үлес қосуға ниетті.
Айбар Санбаев, қатысушы:
Ақтөбе қаласынан боламын. Осы конкурс жаз айында өтті, оны екі ай бұрын естідік. Сол уақыттан бері дайындалып жатырмыз. Осы конкурсқа қатысқаныма қуаныштымын. Осындай мүмкіндік сыйлаған «Jas Tolqyn» байқауына рахмет.
Каспий құбыр консорциумы денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және өңірлердің инфрақұрылымын дамытуға ерекше көңіл бөледі. «Jas Tolqyn» байқауына жыл сайын Қазақстанның батыс өңірлерінен қала мен шалғай ауылдарынан мыңдаған жас өнерпаз қатысады. Жеңімпаздар Мәскеуде өтетін халықаралық фестивальде еліміздің намысын қорғамақ.
Қайыргелді Қабылдин, «КҚК-Қ» АҚ бас директорының қр үкіметімен байланыс жөніндегі орынбасары:
Бұл байқау Каспий құбыр консорциумының сонау біздің Қазақстаннан бастап, Астрахань жерінен өтеді біздің мұнай құбырымыз, Калмыкия республикасынан өтеді, Ставрополь, Краснодар аймағында. Солардың арасында түгел жинап, санасақ, биылғы конкурсқа қатысушылар 22 мыңнан астам.
Биыл қатысушылар «Хореография», «Вокал», «Аспаптық жанр», «Халық музыкасы» және «Көркем сөз» атты бес номинация бойынша бақ сынады. Бірнеше іріктеу кезеңінен өткен батыс өңірлерінен шыққан дарынды балалар Мәскеуде жеке концерт беріп, «КТК – дарынды балаларға» халықаралық фестиваль мен гала-концертке қатысты.
Индира Бегайдар