Әлеуметтік баспаналардың бағасы өспейді
Доллар бағамының құбылуы әлеуметтік баспаналардың бағасына қатты әсер етпейді. Өнеркәсіп және құрылыс министрі осылай деді. Яғни «Отау», «Наурыз» бағдарламалары арқылы сатылатын және әкімдік тарапынан жалға берілетін үйлердің бағасына мемлекет тарапынан қатаң бақылау жасалады. Сондай-ақ құрылыс материалдарының шамамен 70 пайызы отандық өнім. Долларға еш қатысы жоқ. Сондықтан күрт қымбаттау болмайды. Ал кәсіпкерлердің өздері салып, сататын үйлерінің бағасын нарық өзі анықтайды, - деді министр.
Қанат Шарлапаев, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі:
Бұл нарық. Сондықтан ештеңені жоққа шығаруға болмайды. Үйлердің жайлылық санатына байланысты бағасы да әр түрлі екені белгілі. Оның әрқайсысының өз сатып алушысы бар. Сондықтан болжам жасау қиын. Біз мемлекет тарапынан әлеуметтік баспана бағасына ғана бақылау орнатамыз.
Оңғар Алпысбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ХХ Жазғы Азия ойындарының алғашқы күнінде Қазақстан қоржынына 4 алтын, 2 қола медаль түсті
20.09.2026, 20:15
Президент Үкіметке әлеуметтік қолдау мен жол сапасына қатысты тапсырма берді
20.09.2026, 20:11
Фастфуд жарнамасын шектеу семіздікті азайта ма?
20.09.2026, 20:06
«Орталық Азия+» форматының мәні неде?
20.09.2026, 20:06
19 млрд доллар: Қазақстан мен Корея қандай келісімдерге қол қойды?
20.09.2026, 20:01
Ілеспе газды майнингке жұмсау қаншалықты тиімді?
20.09.2026, 18:16
Ұлдана Мырзуан ісі: Сапасыз тұрғын үйлерге кім жауапты?
20.09.2026, 18:13
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27