Бүгінде мектеп жасындағы балалар арасында артық салмақ қосқандар көбейген. Денсаулық сақтау саласы мамандарының айтуынша, оған баланың дұрыс тамақтанбауы, қимыл-қозғалысының аздығы себеп. Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы өкілдері бұл тенденцияны баяулату үшін мектептерде пайдалы тамақтану шараларын енгізуді ұсынып отыр. Бұл мәселе Астанада өткен семинарда талқыланды. Мақсат – балаларды пайдалы ауыл шаруашылық өнімдерімен қамту. Сонымен бірге, азық-түлік өндірушілерін білім беру ұйымдарына өнімін жеткізуге жағдай жасауды көздейді. Мектептегі салауатты тамақтануды қамтамасыз ету үшін агроазық-түлік жүйесінің тұжырымдамасын енгізу жолдарын әзірлеу маңызды, - дейді ұйымдастырушылар. Бастама білім беру ұйымдарында тамақтануды ұйымдастырудың жаңа стандарты бойынша қолға алынған.
Жаңыл Бозаева, БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының бағдарлама үйлестірушісі:
Стандартты пилоттық режимде Ақмола облысының Бұланды ауданында пилоттық режимде енгізейін деп жатырмыз. Бұланды ауданында біздің білуімізше үш-төрт азық-түлік өндірушісі бар. Ол өздерінің өнімдерін мектептегі асханаларға әкеліп беру үшін қандай жолдар бар және де өнімдердің сапасы жоғары ма жоғары емес пе? Қалай көтеруге болады соны көтеріп отырмыз.
Асылбек Данияр