Ел бойынша «Жасыл балабақша» бағыты дамып келеді
Білім берудің барлық деңгейінде экологиялық мәдениетті насихаттау аса маңызды. Қазір елімізде 11 мыңнан астам мектепке дейінгі ұйым болса, соның 77-сі «Жасыл балабақша» бағытында жұмыс істейді. Оқыту бағдарламалары толықтай экологиялық тақырыптармен интеграцияланған. Онда балалар экологиялық мазмұндағы ойындар, викториналар, түрлі эксперименттер мен экскурсияларға қатысады. Осы арқылы бүлдіршіннің танымдық қызығушылығы қалыптасып, сауатты, жауапты азамат болып өсуіне ықпал етеді.
Манара Адамова, Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі білім департаментінің директоры:
«Жасыл балабақшаны» ашу тек өсімдіктерді күтіп баптау немесе біздің жасыл әлемімізді қорғау деген шектеулі бағыттағы мақсатты көздемейді. Ол кең ауқымда қарастырылады. Жалпы балалардың барлығын ұқыптылыққа, үнемділікке, қоршаған ортаны қорғауға, тазалықты сақтауға тәрбиелеу. Мұндай балабақшалар желісі әлемде өте көп және де әр елдің өзінің тәжірибесі бар, өз мақсаты бар.
Серік Жұмабек
Автор
Серік Жұмабек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әли Тұрғанбеков Пара жүзуден күміс жүлде иеленді
26.10.2026, 22:07
Өзара құрмет бар жерде сыйластықтың салмағы артады
26.10.2026, 21:33
Өскеменде ұлттық мерекеге орай Мемлекеттік ту салтанатты түрде көтерілді
26.10.2026, 21:20
Ұлттық бірегейлік – ұрпақ тәрбиесінің негізі
26.10.2026, 20:55
Шымкентте Республика күніне орай Мемлекеттік ту 100 метр биіктіктегі тұғырға көтерілді
26.10.2026, 20:32
Жетісу облысының тұрғындары Республика күнін кең көлемде атап өтті
26.10.2026, 20:32
«Абай Quiz» ойынында 100 команда сайысқа түсті
26.10.2026, 20:18
Тараз вокзалы пайдалануға берілді
26.10.2026, 20:18