Қарағанды облысындағы архивтегі құжаттар бүліне бастаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысындағы архивтегі құжаттар бүліне бастаған

03.12.2024

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы мемлекеттік архив ғимараты әбден тозып тұр. 200 мыңға жуық құнды құжаттар сақталған тар қоймаға, тіпті құжаттар сыймай, дәлізге шығарып тастаған. Нысан 1972 жылдан бері қолданыста. Қарқаралы аудандық мемлекететтік архив ғимараты тарихи маңызды құжаттарға толы.

Манарбек Кәрім, Қарқаралы ауданы мемлекеттік архивінің басшысы:

Өте қолайсыз, қауіпті. Мына ағашпен жасалған стелаждар жақсы, бірақ еден қисық болғандықтан қауіпті, құлауы мүмкін. Онымен қоса 1,5 метр қазсақ, су шығады. Дымқыл.

Жыл сайын мекемеге 2000-нан аса жаңа құжаттар тапсырылады. Қойма талапқа сай болмағандықтан, маңызы зор кейбір құжаттар бүліне бастаған. Ал жауаптылар жыл сайын тиісті қаржы бөлетіндерін айтып ақталды. Мәселен былтыр 8 миллион теңге бөлінген. Ол қаржыға ғимарат шатыры ауыстырылып, жылу жүйесі реттеліпті.

Ильдар Әкімбаев, облыстық Мәдениет, архивтер және құжаттар басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

Бұл мәселені біржақты ету үшін жаңа нысан салу керек немесе басқа ғимаратқа ауыстырып, толықтай жөндеуден өткізу керек. Келер жылдың басында барлығын қайта тексерістен өткізіп, тиісті шара қолданамыз.

Жандос Бақытұлы

Хабарламаларға жазылу