Беларусь дәрігерлері Түркістанда балаларға операция жасады
Беларусь елінен келген білікті кардиохирургтар мен реаниматолог, анестезиолог-дәрігерлер жүрегінде ақауы бар сәбилерге күрделі операция жасап жатыр.
Минск қаласындағы республикалық балалар хирургиясы ғылыми-практикалық орталығының мамандары Түркістандағы кардиохирургтармен тәжірибе алмасуда. Еуропалық кардиоторакалдық хиругтар қоғамының мүшесі Юрий Линниктің сөзінше, кейбір операциялар 10-15 сағатқа дейін созылады. Өйткені сәбилердің ағзасы нәзік болғандықтан, операция жасау оңай емес. Олар осы жолы 9 баланың жүрегіне операция жасады.
Юрий Линник, Беларусь республикалық балалар хирургиясы ғылыми-тәжірибелік орталығының бөлім меңгерушісі:
Қазір облыстық ауруханада бұрын жасалмаған жүректің ақаулары мен ісіктерді алып тастау сияқты күрделі оталарды жасап жатырмыз. Жалпы қазір балалар арасында жүрек аурулары көбейіп бара жатқан соң, кардиомедицинада үнемі жаңа технологиялар енгізіп, мамандардың біліктілігін арттырып отыру маңызды.
Айнұр Ақбаева
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17