Астана іргесіндегі 4 елдімекен келесі жылы табиғи газ желісіне қосылады. Бұл туралы Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов баспасөз брифингінде мәлімдеді. Оның айтуынша, елорда маңайындағы ауыл мен қалаға газ тартылады және бұл жалпы 68 мың тұрғынды қамтитын жұмыс болмақ. Нақтырақ айтсақ, келесі жылы Аққайың, Алтынсарин, Талапкер, Қаражар, Қызылсуат ауылы мен Қосшы қаласына көгілдір отын беріледі. Ал 2026 жылы Қараөткел, Ақмол, Ақбұлақ және Тайтөбе ауылдарында табиғи газ желісі қосылмақ. Жалпы биыл Шұбар, Қоянды және Жібек жолы елдімекендеріне газ тарту жоспарланған еді. Газбен қатар жарық мәселесі де оң шешімін табады, - дейді облыс басшысы. Әсіресе Қосшы қаласында бұл мәселе өзекті болып тұр.
Марат Ахметжанов, Ақмола облысының әкімі:
Газ бергесін ол да оң септігін тигізеді. Өйткені 80 пайыз жекеменшік үйлердің бәрі электрпештермен отыр. Тоқ сөнсе, жылу да тоқтайды. Сондықтан газ берілгенде осындай бірнеше сұрақ өз шешімін табады.
Азамат Бейбітұлы