Алматының 4 мың метрлік тауына шығам деген жасөспірім құлап кеткен
Алматы тауларына шыққан жасөспірім абайсызда құлап кетті. Жасөспірімдер демалыста 4 мың метр биікте орналасқан Хрищатый шыңына беттеген. Олардың бірі құлап кеткенде, қасындағы достары дереу жедел жәрдем шақырған. Оқиға орнына құтқарушылар барып, ауыр жарақат алған жеткіншекті Шымбұлақ бекетіне түсірді. Дәрігерлер алғашқы медициналық көмек көрсетті. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Құтқарушылар тауға шыққан үшеудің де жасы кәмелетке толмағанын айтты. Осы ретте төтенше жағдайлар Департаменті таудағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Адасқанда немесе оқыс жағдайға тап болғанда, ең алдымен тәулік бойы жұмыс істейтін 112 нөміріне хабарласып, көмекке жүгіну қажет.
Айдана Қуантхан
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17