Қарағандыда қаңырап қараусыз қалған ғимараттар мен құрылысы бітпеген нысандары көбейіп барады. Қауіптісі олардың бәрі қаңғыбастардың мекендейтін жеріне айналды. Ал жергілікті билік қаланың бас жоспарын қайта әзірлеп, 3 ірі жобаны қолға алған
Жандос Бақытұлы, тілші:
Қаланың қақ ортасындағы мына құрылыстын тұралап тұрғанына 10 жылға жуық уақыт болды. Ал жалпы қалада қараусыз қалған және құрылысы тоқтап тұрған 30-ға жуық нысан бар. Ең сорақысы – олардың дені қаланың негізгі көшелерінде орналасқан.
«Британ кварталы» атты мына тұрғын үй кешенінің құрылысы бел ортасына келгенде тоқтады. 100-ден аса отбасы 6 жыл бойы өз ақшаларын ала алмай келеді. Кейбірі зәулім үйге көшеміз деп үйлерін сатып, қазір пәтер жалдап күн көріп жүр.
Зәуреш Әубәкірова, салымшы:
2020 жылы здача болады деген, содан бері әлі жоқ. Сонда мен осылай қаңғып жүру керекпін бе? 10 миллион ақшамды берсе, кредитімді жауып отырайын. Қашанғы салынатын үй бұл?
Шынымен үй құрылысы қашан аяқталатын әлі де белгісіз. Билік те, құрылыс компаниясы да үнсіз. Ал жергілікті жұрт жиі баратын демалыс орны «Арман» боулинг-клубы да қараусыз қалғалы бірнеше жыл болды. Қазір көше кезген қаңғыбастардың мекеніне айналған.
Жәкен Жұмаділдә, қала тұрғыны:
Мынандай здания ешқандай жерден табылмайды. Бұрын біз кинотеатрға баратынбыз. Мына жерде тақауда тұрамын. Іші тап-таза, жақсы болатын. Бір күнде быт-шыт болды. Қарасаң жүрек ауырады.
Қала билігі әзірге ғимараттардың қожайындарын тауып, оларға ескерту жасап, әкімшілік айыппұл салумен шектеліп келеді. Иелері кәдеге жаратпаса, кейін қараусыз қалған нысандар мемлекет меншігіне қайтарылмақ. Екі жыл бұрын өңірге сапары кезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаланың бас жоспарын қайта жаңғыртуды тапсырған болатын. Сол жұмыстар енді ғана іске аса бастады.
Абылай Смағұлов, облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары:
Қазіргі таңда облыс бойынша 3 ірі бағдарлама жүзеге асып жатыр. Былтырғымен салыстырғанда қаржыландыру 4 есе көбірек бөлінген. Жоспар бойынша 13 млд теңге бөлінді. Оған 1000-ға жуық кезекте тұрған отбасылар үймен қамтылады.
Жаңартылған қала жобасына сай тұрғын үйлерден бөлек, түрлі нысандар бой көтермек. Сонын бірі жабық футбол алаңы. Одан бөлек «Арман» боулинг-клубының орынына жаңа спорт кешені салынбақ.
Жандос Бақытұлы