Тәуелсіздік күні мен жаңа жыл мерекесіне орай қосымша пойыздар жолға шығады. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады. Пойыздар «Астана-Алматы», «Астана-Шымкент», «Ақтөбе-Астана» бағыттары бойынша жүреді. Барлық пойыздарда купе және плацкарт вагондары бар. Ал 13 желтоқсанынан бастап аптасына үш рет, яғни жұма, сенбі және жексенбі күні «Қарағанды-Астана-Бурабай» және «Павлодар-Астана-Бурабай» бағытында электр пойызы қатынайды. Толық ақпаратты «1433» тегін нөмірі арқылы немесе @jolaushylar_tasymaly Instagram парақшасынан білуге болады.
«Астана-Алматы»:
2024 жыл - 13, 16, 19, 22, 25, 28 желтоқсан;
2025 жыл - 1, 4 қаңтар.
«Алматы-Астана»:
2024 жыл - 14, 17, 20, 23, 26, 29 желтоқсан;
2025 жыл - 2, 5 қаңтар.
«Астана-Шымкент»:
2024 жыл - 13, 17, 20, 23, 26, 29 желтоқсан;
2025 жыл - 1, 4 қаңтар.
«Шымкент-Астана»:
2024 жыл - 14, 18, 21, 24, 27, 30 желтоқсан;
2025 жыл - 2, 5 қаңтар.
«Ақтөбе-Астана:
2024 жыл - 13, 16, 19, 22, 25, 28 желтоқсан;
2025 жыл - 1, 4 қаңтар.
«Астана-Ақтөбе:
2024 жыл 14, 18, 21, 24, 27, 30 желтоқсан;
2025 жыл - 3, 6 қаңтар.
13 желтоқсан
Қосымша электр пойыздар бағыты:
«Қарағанды-Астана-Бурабай курорты» электр пойызы - жұма, сенбі, жексенбі.
«Павлодар-Астана-Бурабай курорты» электр пойызы - жұма, сенбі, жексенбі.
Серік Жұмабек