Мемлекет басшысы Қазақстандағы ҚХР елшісін марапаттады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшісі Чжан Сяоны II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады. Президент Қытай елінің өкіліне бұл марапатты қазақ-қытай достығын табысты дамытуға, мемлекетаралық байланыстарды тереңдетуге қосқан үлесі үшін табыстағанын айтты. Кездесу барасында Мемлекет басшысы Қазақстан мен Қытайды ғасырларға ұласқан берік достық пен тату көршілік қатынастар байланыстыратынын атап өтті. Бүгінде екі елдің ықпалдастығы қарқынды әрі сан қырлы сипат алғанын айтты. Өз кезегінде Қытай елшісі Чжан Сяо Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, Бейжіңнің жан-жақты стратегиялық серіктестікті одан әрі дамытуға бейіл екенін жеткізді.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17