Талдықорғанда Бейсен Құранбекті еске алу турнирі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда Бейсен Құранбекті еске алу турнирі өтті

30.11.2024

Талдықорғанда БАҚ қызметкерлері арасында футзалдан белгілі журналист, Президент сыйлығының лауреаты Бейсен Құранбекті еске алу турнирі өтті. 4-ші жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған доп додасының ауқымы да кеңейіп келеді. Биылғы жарысқа еліміздің әр аймағынан және Қырғыз елінен барлығы 10 команда қатысты. Ұлттық арнада «Айтуға оңай», «Қарекет» бағдарламалары арқылы көпшілікке танымал болған Бейсен Құранбек қазақ телевизиясының дамуына өзіндік үлес қосқан бірегей тұлға. Бұл турнир қоғамдағы көптеген өзекті мәселелерді көтеріп, әлеуметтің әлеуетін нығайтуды мақсат қойған журналистің еңбек жолын өскелең ұрпақ арасында насихаттап, бұқаралық спортты дамытуды көздейді,- дейді ұйымдастырушылар.

Жәнібек Есенәлиев, Қырғыз ұлттық телерадиокорпорациясының радио тілшісі:

Журналистер өздері ынтымаққа келіп, бір-бірімен ынтымақта болып, осындай спортта басқа нәрседе ынтымақтастық, достық мәмледе болса, демек елдің достық мәмледе болады. Сол үшін журналистердің ынтымағын ұйыстырғанға чоң рахмет айтамыз.

Қуаныш Қанатұлы 

Хабарламаларға жазылу