Алматыда БАҚ өкілдері арасында шағын футболдан жарыс өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда БАҚ өкілдері арасында шағын футболдан жарыс өтті

21.02.2022

Алматыда бұқаралық ақпарат құралдары арасында шағын футболдан жарыс өтті. Сайысқа 8 команда қатысты.

Доп додасы қазақ журналистикасының майталмандары, біртуар азаматтар Нұртілеу Иманғалиұлы, Амангелді Сейітхан және Бейсен Құранбекті еске алу құрметіне ұйымдастырылды. Республикалық турнирде өнер көрсеткен журналистер алаңда өздерінің мықтылығы мен дайындықтарын көрсетті. Үздік ойнаған жетісулық «Qareket» футбол командасы бірінші орынға иеленсе, Халық арна ұжымы екінші, ал, «Шығыс ақпарат» құрамасы үздік үштіктен көрінді. Шараға қатысқан марқұмдардың жақындары жарысты тамашалап, естеліктерімен бөлісті.

Қарлығаш Табулдинова, Нұртілеу Иманғалиұлының жары:

Журналистер спортқа өте бейім болады. Нұртілеу ағаларыңда спортты жақсы көретін. Сондықтан осындай шараға мен шынында іштей қуанып тұрмын. Рақмет. Сәттілік тілеймін. Нұр ағаларыңның, Амангелдінің, Бейсеннің жолын берсін. Шығармашылығын берсін осы журналистерге.

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу