Сирияда көтерілісшілер Алеппо қаласын басып алды
Сирияда көтерілісшілер елдің екінші ірі қаласы Алеппоның басым бөлігін бақылауға алды. Олар қала орталығына да жеткен. Сирия билігі бүгін Алеппо әуежайын, сонымен бірге қалаға апаратын барлық жолды жауып тастаған. Бұл туралы Сирияның адам құқықтарын бақылау орталығы мәлімдеп отыр. "Хайят Тахрир әш-Шам" қарулы тобының күштері Сирия үкіметінің бақылауындағы аудандарға өткен сәрсенбіде шабуылды бастаған. "Рейтер"агенттігінің мәліметінше, шабуылдардан 300-ден астам адам қаза тапқан. Сириядан тыныштық 2011 жылы үкімет шерулерді күшпен басқаннан кейін кеткенін айта кетейін.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04