Арал теңізіндегі тұздар ауаға ұшып, солтүстік мұзды мұхитының еруіне әсер етіп жатыр. Сондықтан теңіздің экологиялық ахуалын жақсарту Орталық Азия мен Каспий маңындағы елдер үшін маңызды. Өзекті мәселе Түркістанда өткен «Aral-2024» халықаралық саммитінде сөз болды. Келелі басқосуда экологиялық мәселелерді шешудің жолдары тақыланып, мемлекеттік сектордағы қадамдар мен болжамды шешімдер сараланды. Ортақ ұсыныстар айтылды.
Азаматхан Әміртаев, «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы:
Ресейдің сібір жағында су өте көп. Сол суды Аралға әкеліп, Аралды толтыруға болады ғой, мысалы. Әлемде канал тартатын болса, Аралдың суын толтыруға болады. Ол да бір шешім. Бірақ оны осы елдің саяси жағы қаншалықты қолдайды. Осы бағытта партия ретінде біз келіссөздер жүргізе аламыз.
Айнұр Әбілқасымқызы