Оралда интернет алаяқтар ұсталды
Оралда «Ұтыс ойынында жеңімпаз болдыңыз»,- деп тұрғындарды алдаған алаяқ ұсталды. Күдікті өзін әлеуметтік желіде лотерея компаниясының өкілі ретінде таныстырып, ұтысты алу үшін алдын ала қаржы аудару қажеттігін айтқан. Бес адам алаяққа сеніп, 140 мың теңге жіберген. Сондай-ақ, «Киберпол» қызметі жоқ пәтерді жалға берген тағы бір интернет-алаяқты ұстады. 40 жастағы тұрғын мобильді қосымшаға хабарландыру жазып, пәтерді жалға алушылардан алдын ала төлем сұраған. Ақша түскеннен кейін олардың нөмірлерін бұғаттаған. Қазір 7 эпизод бойынша тергеу басталды. Полиция осындай алаяқтарға алданған тұрғындар болса, 102-ге хабарласуын сұрайды.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үстел теннисінен Президент кубогі аяқталды
21.09.2026, 13:21
Астанада жыл соңына дейін тағы 70 мың ағаш егеді
21.09.2026, 13:15
Колумбиядағы өрт үдеп барады
21.09.2026, 13:12
Ресейде жанармай тапшылығы күшейді
21.09.2026, 13:09
Үйге 11 метр: Көксайдағы зират мәселесі
21.09.2026, 13:06
Ақтауда заңсыз сауда нүктелерін сүріп жатыр
21.09.2026, 13:03
700 мыңнан аса гектар жерге су үнемдеу технологиясы қолданылады
21.09.2026, 13:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Тазалық ең әуелі адамның сана-сезімінен басталуға тиіс»
21.09.2026, 11:12