Қазақстандықтарға 112 нөмірі арқылы енді діни экстремизмнің қаупі туралы SMS хабарлама жолданады. Бұл экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдың кешенді жоспарын іске асыруға бағытталған.
Хабарламада егер азамат діни алауыздықты қоздыруға бағытталған масс-медиа өнімдерін таратса, тіркелмеген діни бірлестіктердің қызметіне басшылық жасап, қатысса немесе олардың қызметін қаржыландырса, сондай-ақ діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнаманы бұзған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны туралы жазылады. SMS хабарламалар жылына бір мәрте жолданады.
Аида Ахметбек