Елорданың жалпы өңірлік өнім көлемі 5,5 трлн теңгеге жетті
Премьер-министр Олжас Бектенов Астанадағы металлургия, жеңіл және құрылыс өнеркәсібі, автомобиль және теміржол машинасын жасау салаларының дамуымен танысты.
Қала әкімінің орынбасары Евгений Глотовтың мәліметінше, бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша елорданың жалпы өңірлік өнім көлемі 5,5 трлн теңгеге жеткен. Оның 72 пайызы шағын және орта бизнеске тиесілі. Жыл басынан шамамен 1,3 трлн теңге инвестиция тартылған. Енді жаңа индустриялық орталықтың құрылысы қолға алынады.
Евгений Глотов, Астана қаласы әкімінің орынбасары:
Қазіргі индустриялық парк аумағында 120 жоба жүзеге асырылып жатыр. Оның 70-і толық көлемде жұмысына кіріскен. Енді Астанада екінші индустриялық аймақтың құрылысын бастаймыз. Оған 400 гектар жер бөлеміз деп отырмыз. Яғни тағы да шамамен құны 500 млрд теңге болатын 150 жобаны жүзеге асыруға жол ашамыз.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандағы дауыс берушілердің орташа жасы – 29 жас
13.03.2026, 20:14
Тәуелсіз байқаушылардың ақпараттық штабы жұмысын бастады
13.03.2026, 20:12
Халықаралық байқаушылар жұмыс жоспарымен бөлісті
13.03.2026, 20:11
Шетелдік сарапшылар жаңа Конституция жобасын талқылады
13.03.2026, 20:10
Ерболдың анасы: Ұлым батыл мінезінің арқасында чемпион атанды
13.03.2026, 20:09
Жастар тарапынан белсенділік басым
13.03.2026, 20:08
Референдум: Бүгін үгіт-насихат жүргізудің соңғы күні
13.03.2026, 20:06
Президент Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
13.03.2026, 20:04