Елордада тегін үйірмелерге кезекке тұру қиын ба?
Астанада кешеден бері мемлекеттік бағдарлама бойынша тегін үйірмелерге тіркеу жүріп жатыр. Спорт және шығармашылық секцияларына жазылу "Даму бала" платформасы арқылы жүргізіледі. Кеше әкімдіктің арнайы дирекциясы тегін спорттық үйірмелерге 18 мың орын бөлінгенін хабарлады. Алайда сағат 15:00-де басталған кезекке онлайн жазылу мүмкін болмады. Сайт бірер минуттан соң істен шықты. Қала әкімдігі мұны портал жұмысын бастаған алғашқы 10 секунд ішінде сайтқа 40 мың адам кіргенімен түсіндірді. Салдарынан техникалық ақау болып, істен шығыпты. Ал, дәл қазір тегін шығармашылық үйірмелерге кезекке тұру жүріп жатыр. Бүгін де сайт істемей, ата-аналар тегін секцияларға жазылу мүмкін емес екендігіне шағымданып жатыр.
Динара Жарқынбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Спортшылар 5 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 20:35
Қайтарылған активтер есебінен 21 нысан бой көтерді
25.09.2026, 20:32
Алматыда жыл бойы жұмыс істейтін тау курорты ашылады
25.09.2026, 20:30
Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады
25.09.2026, 20:27
Жел электр станциясы салынады
25.09.2026, 20:24
Қазақстанның инвестициялық моделі өзгеріп келеді
25.09.2026, 20:22
Қазақстан мен Қытай арасындағы іскерлік байланыстардың жаңа бағыттары
25.09.2026, 20:18
Қазақстан-Қытай инвестициялық форумы
25.09.2026, 20:16