Мемлекет басшысы Мәдениет және ақпарат министрін қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәдениет және ақпарат министрін қабылдады. Аида Балаева мемлекет басшысына ведомствоның биыл атқарған қызметтері туралы есеп беріп, келесі жылдың жоспарын таныстырды. Биыл алғаш рет қазақ өнері әлемге әйгілі арт-алаңдарда, яғни Венецияда, ГимЕ Азия өнері музейінде таныстырылған. Еліміздің баспа өнімдері Франкфурт кітап жәрмеңкесінде көрсетілді. 2022 жылмен салыстырғанда, осы жылы еріктілер саны 240 мыңға жеткен.
Аида Балаева, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі:
2025 жыл - идеологиялық ерекше атаулы жыл болайын деп тұр. Тарихи маңызы зор бірнеше мерейлі даталар бар. Осыған орай, бүгін мен мемлекет басшысына дайындық барысын баяндап, атап айтқанда ҚХА 30 жылдығымен, Әлемдік және дәстүрлі діндер съезімен, Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай арнайы жобалармен таныстырдым. Президент жаңа ұсыныстар мен тапсырмалар жүктеді.
Динара Жарқынбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанадан 200 бала шекара қызметіне аттанды
10.09.2026, 17:17
Алматыны 8 бөгет селден қорғап тұр
10.09.2026, 17:12
Павлодар өңірі жылу маусымына дайын
10.09.2026, 17:10
Биыл мың жарымдай тараздық баспаналы болады
10.09.2026, 17:07
Түркістан облысында тағы 9 мектеп ашылды
10.09.2026, 17:05
Мемлекет басшысы Лаос Президентін шығарып салды
10.09.2026, 17:03
Құрылтай депутаты амандасу мәдениетін үйретті
10.09.2026, 17:02
Құрылтайда заң жобалары үш оқылымда қаралады
10.09.2026, 17:00