Атырауда тағы бір қасапхана жұмысшысынан сібір жарасы анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда тағы бір қасапхана жұмысшысынан сібір жарасы анықталды

29.11.2024

Атырауда тағы бір қасапхана жұмысшысынан сібір жарасы анықталды. Қазір науқас ауруханада жатыр. Өзге адамдардан ауру белгілері байқалмаған. Мал сататын базарда өлген сиырдан сібір жарасы анықталғаннан кейін карантин енгізілді. Дезинфекциялау жұмыстары жүргізілгенімен, базар 8-желтоқсанға дейін жұмысын тоқтатты. Ірі қара мал әкелуді бақылау үшін 4 полиция және ветеринарлық бақылау бекеті орнатылды. Қазір қалада тиісті құжаттарсыз малды тасымалдауға және союға қатаң тыйым салынған.

Алтынгүл Аймұратова, облыстық санэпидемиологиялық бақылау Департаменті басшысының орынбасары:

Екі науқаста терілік түрінен анықталып отыр. Қолдарында жаралары бар. Екінші науқас өзі жүгінді. Қазір екеуінің де жағдайы қалыпты. Ауруханада емделіп жатыр. Басқа да жұмыс істеген қызметкерлердің барлығы 14 күн бақылауға алынды.

Нұрсұлтан Нұрсейіт

Хабарламаларға жазылу