Астанада медицина тақырыбын жазатын журналистердің вебинары аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада медицина тақырыбын жазатын журналистердің вебинары аяқталды

28.11.2024

Астанада шешім журналистикасы зертханасының екінші кезеңі қорытындыланды. Бұл жолы жоба медицина тақырыбында жазатын журналистерге арналды. Маусым-қараша аралығында өткен вебинарларға еліміздің түкпір-түкпірінен масс медианың 50 өкілі қатысқан. Оларға тәжірибелі төрт маман тәлімгерлік жасап, ұсынылған тақырып бойынша материал әзірлеуге көмектесті. Қатысушылардың зерттеген негізгі тақырыптары: вакцина, инфекциялық аурулар, су тасқыны салдарынан таралатын ауруларға қатысты. SJMED жобасын АҚШ-тың халықаралық даму агенттігінің қолдауымен, Біріккен ұлттар ұйымының Балалар қоры және «Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау қоры өткізді.

Қарлығаш Жаманқұлова, «Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау қорының президенті:

Журналистердің басын қосып, тренинг өткіздік. Солардың ортасынан 20 ең мықты журналисті таңдап, шешім журналистика жанрында мақалалар шығарды. Жобаның басты мақсаты: қазір пандемия жоқ кезде жалған ақпаратқа қарсы күресті алдын ала алып, азаматтарды дайындау.

Халима Тәжіқұл, медиасарапшы:

Мәселелерді көтеріп қана қоймай, ұсыныс жасадық шешуге, шешімін ұсындық. Тақырып зерттеу 2 айға созылды. Ол тақырыптарды ресми органдармен, сарапшылармен, тәуелсіз сарапшылармен, зерттеушілермен бірге жұмыс істедік. Бірге жұмыс істедік, талқыладық, тақырыпты зерттедік соның шешімі бар ортақ шешім шығарды.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу