Қазақстан - Ресей: Сарапшылар кеңесі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан - Ресей: Сарапшылар кеңесі

28.11.2024

Қазақстан мен Ресейдің арасында экономикалық қарым-қатынас тұрақты дамып келеді. Бұл туралы бүгін Астанада өткен қос мемлекеттің сарапшылар кеңесінің отырысында айтылды. Екі ел қазір 100-ден астам бірлескен жобаны жүзеге асырып жатыр. Одан бөлек білім беру саласындағы байланыстар да жыл санап нығая түсуде. Сондай-ақ гуманитарлық, ғылым және бизнес саласында да қарым-қатынас жолға қойылған. Бүгінде ел ішінде көрші мемлекеттің 20-дан астам ірі компаниясы жұмыс істейді. Бүгінгі жиында Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты мен Ресей Ғылым академиясының әлемдік экономика және халықаралық қатынастар институтының өкілдері әріптестікті бекемдеп, оны жаңа дәрежеге көтеру жағын талқылады.

Алуа Жолдыбалина, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директорының орынбасары:

Қос жобаларымыз өте көп. Мысалы екі мемлекеттің өзінде 143 бірлескен жоба жүзеге асып жатыр. Одан бөлек 40 жоба экономика аясында жүзеге асырылып жатыр. Соның барысында кедергілер болуы мүмкін. Талқылау қажет болуы мүмкін. Сонда сарапшылардың пікірі өте маңызды.

Федор Войтоловский, РҒА Е.М.Примаков атындағы ӘЭХҚИ директоры:

Күн тәртібіндегі мәселе сауда-саттық, экономикалық байланыс, логистика мен энергетика, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мен климаттың өзгеруіне қарсы тұру. Екі ел сарапшыларының ортақ диалог алаңын құрғанына 20 жылдан асты. Сондықтан арадағы әріптестікті жаңа деңгейге көтеретін уақыт келді. Мәселен «солтүстік-оңтүстік» халықаралық көлік дәлізін қолданып сыртқы нарыққа бірігіп шығуыға болады. Ғылым саласында да бірлесе атқаратын шаруа көп.

Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу