Өскеменде оқушылар онлайн оқиды
Бүгін Өскемен қаласындағы барлық орта мектепте екі аусым бойынша да сабақ онлайн болады. Өйткені 23 қарашадан бері қаланы қою тұман басып тұр. «Қазгидромет» отралығының мамандары ауадағы зиянды қалдық шектік рұхсат етілген мөлшерден бірнеше есеасып кеткенін растады.
Олжас Керейхан, тілші:
Бүгін де қою тұман басып тұр. Мамандар арнайы құрылғымен сағат сайын тексеріп мониторнинг жасап отыр. Нәтижесінде ауда көміртегі тотығы, рұхсат етілген мөлшерден 2.5 есе ал күкірт диоксиді де тәуліктік мөлшерден бірнеше есеге көбейген. Кейбір тұрғындардың көзі мен мұрыны ашып, бас ауруына шалдыққан. Тек соңғы үш күнде тынысы тарылғандықтан медициналық көмекке жүгіндер саны 11 пайызға артқан. Сондықтан дәрігерлер ауа ластанған күндері далаға шықпауды ескертеді. Ал «Қазгидромет» орталығы мамандары қолайсыз метеорологиялық жағдай қарашаның соңына дейін сақталатынын хабарлады. Кеше Өскемендегі екінші аусымда оқитын оқушылардың соңғы екі сабағы қысқартылған. Бүгін мектептер толық онлайнға ауысты.Дархан?
Олжас Керейхан
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақмола облысында 5 мың түп ағаш екті
14.05.2026, 17:25
2,2 млн гектар жердегі шегірткені улайды
14.05.2026, 17:22
СҚО топографиялық картасы дайын болды
14.05.2026, 17:20
Қарағанды облысында ЖЭС құрылысы басталды
14.05.2026, 17:17
Қазақстан Ислам ұйымының Бас ассамблеясына төрағалық етеді
14.05.2026, 17:13
Қазақстан мен Қытай инвестициялық ынтымақты күшейтеді
14.05.2026, 17:10
Ясауи еңбектері түркі жұртына ортақ мұра
14.05.2026, 17:07
Қазақстан мен Түркия – түркі бірлігінің тірегі
14.05.2026, 17:05