Мәжілісте жаңа Су кодексі талқыланды
Қазақстандағы көлік жуу орталықтары лас суды тазартып қайта пайдалануға міндеттеледі. Жаңадан жазылып жатқан Су кодексінде осындай норма бар. Құжат бүгін Мәжілісте бірінші оқылымда қаралды. Оның негізінде 2 жылдың ішінде суды қайта пайдалану жоспарын енгізу және талап етіледі. Жаңа құрылғыларды орнатып, жоспарды жүзеге асыыруға тағы 4 жыл уақыт беріледі. Жалпы Су кодексі еліміздің су әлеуетін сақтау және су ресурстарын ұтымды пайдалану мақсатында жасалған. Құжатты жасақтау барысында халықаралық тәжірибе де ескеріліпті.
Нұржан Нұржігітов, ҚР Су ресурстары және ирригация министрі:
Мәселен, жаңа Су кодексінде «су қауіпсіздігі» ұғымы алғаш рет енгізілді. Ол халық пен экономиканы су тапшылығы мен су объектілерінің ластануы қатерлерінен қорғауды қамтиды. Басты назар су ресурстарын сарқылу мен ластанудан қорғауға аударылып, содан кейін ғана экономикалық қажеттілікке маңыз берілген. Бұл – жаңа Су кодексінің қолданыстағы кодекстен негізгі ерекшеліктерінің бірі.
Құжат су инспекцияларына тергеу құзыретін беруді көздейді. Яғни су ресурсын заңсыз пайдаланғандар қатаң жауапқа тартылады. Жалпы заңнаманың негізгі көздегені - қолданыстағы заңнамада жоқ, су үнемдеуді ынталандыру механизімдерін енгізу. Жаңа Су кодексі 121 баптан, 14 тараудан және 6 бөлімнен тұрады.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06
Ауа тазалығы жіті бақылауда
06.06.2026, 20:05
Қаланың сәулеттік келбеті жаңарады
06.06.2026, 20:05
Ресей мен Украина тұтқын алмастырды
06.06.2026, 20:05
Арменияда ертең парламенттік сайлау өтеді
06.06.2026, 20:05
Саяси реформалар – тұрақты даму кепілі
06.06.2026, 20:05
Ет экспорты 4 есе артады
06.06.2026, 20:05