12 мың азаматқа арнайы төлем тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

12 мың азаматқа арнайы төлем тағайындалды

27.11.2024

Ұзақ уақыт зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істеген 12 835 азаматқа арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Зейнеткерлік жасқа дейін берілетін төлем түрін 55 жасқа толған және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына кемінде 7 жыл кәсіптік зейнетақы жарнасын аударған азаматтар ала алады. Талап бойынша жұмысшы арнайы төлем тағайындалған уақыттан бастап зиянды еңбек жағдайлары бар жұмыстан шығуы қажет немесе жеңіл жұмысқа ауысуы керек. Болмаса зейнетақы тағайындалғанға дейін демалысқа шығып, арнайы әлеуметтік төлем алуға құқылы.

Әрбір жұмыскер үшін төлем мөлшері зейнетақы қорындағы жинақтарына байланысты болады. Әлеуметтік кодекске сәйкес, арнайы әлеуметтік төлем экономиканың 17 саласы бойынша беріледі.


Хабарламаларға жазылу