«Білім берудегі өзгерістің 1000 көшбасшысы» – Астанада жеңімпаздар сертификат алды
Астанада «Білім берудегі өзгерістің 1000 көшбасшысы» жобасын сәтті аяқтаған педагогтерге сертификат табысталды. Бұл құжат ұстазға конкурстық рәсімдерсіз бірден басшылық бос орынға тағайындалуға мүмкіндік береді. Қатысушылар төрт кезең бойынша іріктелген. Бастапқыда 13 796 адам тіркелген. Алайда оның 375-і ғана мектеп басшыларының республикалық кадрлық резервіне енді. Олардың ішінде балабақша методистері, мектеп және колледж ұстаздары бар. Айта кетейік, былтыр бұл жобаға 8068 ұстаз қатысып оның тек 208-і ғана сертификатқа ие болған. 170-і қазір мектеп директоры лауазымын атқарып жүр.
Марат Қалиев, «Білім берудегі өзгерістің 1000 көшбасшысы» жобасының жеңімпазы:
Былтыр бірінші кезеңнін жеңімпаздарының суреттерін желіден көрдім. Бағымды сынап көрейін деп өтінім бердім. Бірінші тестілеуден өттік. Тестілеуден кейін деңгейлік курстарға қабылдады. Үшінші кезеңді аяқтағаннан кейін министрлікпен сұхбат болды. Әртүрлі ситуациялық тапсырма берді. Соның нәтижесінде комиссия мүшелері арнайы балл қойды.
Аида Ахметбек
Автор
Аида Ахметбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
«Әділет» партиясы «Есіктен есікке» акциясын бастады
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03