Қазақстан паспорты Орталық Азиядағы ең мықты төлқұжат деп танылды
Қазақстан паспорты ықпалы жағынан Орталық Азиядағы ең мықты төлқұжат деп танылды. «VisaGuide» ұйымы әлем елдері паспортының 2024 жылғы рейтингін жарялады. Тізімде Қазақстан паспорты Қытай, Тайланд, Армения, Индонезия және Беларусь сынды елдерді басып озып, 106 орынға жайғасқан. Айта кету керек, ұйым мамандары 199 елдің паспортына сараптама жасаған. Олар ел азаматтарының осындай құжатпен қанша елге визасыз кіре алатынын, шетелге жеткен уақытта виза алу мүмкіндігін есептеген. Рейтингте паспорты ең мықты елдердің үштігін Сингапур, Испания және Италия құрады. Орталық Азияның басқа да елдеріне тоқталсақ, Өзбекстан 125, Қырғызстан 134, Тәжікстан 141, Түрікменстан 161-орында тұр.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Astana AI Film Festival байқауының жеңімпаздары анықталды
03.10.2026, 22:59
Жүлде қоры 100 мың доллар: Astana Hub Battle 2026 жеңімпаздары белгілі болды
03.10.2026, 22:49
Дінаралық диалог өзегі – гуманитарлық ынтымақтастық
03.10.2026, 19:48
Digital Bridge: Дәрігердің көмегіне онлайн жүгінуге болады
03.10.2026, 19:19
Almaty Superski жобасы аясында 2 мың шырша отырғызылды
03.10.2026, 19:09
Соңғы 7 жылда Қазақстанның ЖІӨ-і 29 пайызға артты
03.10.2026, 19:02
Меруерт Өтекешованың 75 жылдығына арналған халықаралық театр фестивалі басталды
03.10.2026, 19:00
Digital Bridge: Астана технологиялық хабқа айналды
03.10.2026, 18:47