Ливан халқы атыстың тоқтағанын тойлап жатыр
Ливан астанасы Бейруттің оңтүстігінде жергілікті тұрғындар бітімге қуанып, тойлап жатыр. Қолына «Хезболла» қозғалысының туын ұстаған тұрғындар көшеге шығып, бірін бірі құттықтады. Израиль мен «Хезболла» тобы арасында атыс бүгін тоқтады. Бітім АҚШ пен Францияның арағайындығымен жүзеге асқан. Оған сәйкес «Хезболла» өз жасақтарын Израиль шекарасынан 30 шақырым алшақтатуға тиіс. Ал Израиль қарулы күштерін Ливаннан 60 күнде шығаруға міндетті. Содан кейін Ливан-Израиль шекарасы Ливан армиясының бақылауына өтеді.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстанда AI MONTH 2026 басталады
23.09.2026, 10:24
Азия ойындарының жеңімпаздары елге оралды
23.09.2026, 10:08
Трамп Иранмен бейбіт келісім жасалуы мүмкін екенін мәлімдеді
23.09.2026, 10:08
Азиада: Спортшылар 4 медаль жеңіп алды
23.09.2026, 10:06
Қазақстан делегациясы БҰҰ 81-сессиясына қатысып жатыр
23.09.2026, 10:05
Құрылтай отырысы басталды
23.09.2026, 10:05
Түркияда жасөспірім оқушыларға оқ атып, 11 адам жараланды
23.09.2026, 10:04
Google-дің экс жетекшісі: ЖИ балаларға әлеуметтік желілерден де зиян тигізуі мүмкін
23.09.2026, 10:03